Елордалық "Астана" футболдан Қазақстан премьер-лигасының 30-турында талдықорғандық "Жетісумен" тең түсіп, маусымды үшінші орынмен аяқтады, деп хабарлады astana24.com.
Кездесу Талдықорғандағы Орталық стадионда өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда командалар бір-бірінің қақпасына гол сала алмады. Үзілістен кейін есепті "Астана" футболшысы Станислав Басманов ашты. Алайда алаң иелері Әділхан Добайдың дәл соққысының арқасында таразы басын теңестірді.
Кейін Никола Бурич елордалық клубты қайтадан алға шығарды, бірақ қонақтар басымдықты ұстап қала алмады. Нұрбол Әнуарбеков те гол соғып, кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Осылайша, "Астана" чемпионатты 54 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде үшінші орынға ие болды және ҚПЛ-2026-да қола жүлдегер атанды.
"Жетісу" үшін бұл нәтиже элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік бермеді. Талдықорғандық команда маусым қорытындысы бойынша 27 ұпай жинап, Қазақстан премьер-лигасынан шығып қалады.
