in

Астана әуежайы жұмыстан шығарылған қызметкерін қайта қабылдап, оған 7 млн теңге төлеуге міндеттелді

Астанада әуежайдың жұмыстан шығарылған қызметкері бұрынғы қызметіне қайта орналасу және мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған уақыты үшін жалақы өндіріп алу талабы бойынша сотқа жүгінді, деп хабарлады astana24.com.

Астана соттарының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Н.-ның "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты талап қоюы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 16 шілдедегі шешімінің күшін жойды.

️Істің мән-жайы

Сотта анықталғандай, талап қоюшыға құжат айналымы бөлімінің басшысы лауазымының орнына басқа құрылымдық бөлімшенің маманы лауазымы ұсынылған. Бұл іс жүзінде еңбек функциясының өзгеруіне және басқа жұмысқа ауыстыруға жататыны анықталды.

Жұмыс беруші талап қоюшының басқа жұмысқа ауысуына келісімін алмаған, ал оның ұсынылған бос лауазымнан бас тартуын еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тарту ретінде негізсіз бағалаған.

Жаңа бөлімшенің лауазымдық нұсқаулығы талап қоюшы жұмыстан босатылғаннан кейін, яғни 2026 жылғы 9 сәуірде бекітілген, ал еңбек шарты 2026 жылғы 6 сәуірде тоқтатылған. Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтатуға заңды негіздердің болғанын дәлелдей алмаған.

Сот шешімі

Сот актісі заңды күшіне енді.