in

"Оқжетпес" футболдан Қазақстан чемпионаты матчында "Каспийді" ойсырата жеңді

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 29-туры аясындағы матчта ақтаулық "Каспийді" ойсырата жеңді, деп хабарлады astana24.com тілшісі.

24 қазанда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

Матчтағы есеп ойынның тоғызыншы минутында ашылды. Шахбоз Умаровтан пас алған Иван Кузьмичев көзге түсті.

Екінші таймда алаң иелері басымдықты нығайта түсті. 54-минутта Владислав Васильев Нұрғайни Бөрібаевтың пасынан кейін есепті еселеді.

83-минутта Еркебұлан Нұрғалиев қонақтардың қақпасына үшінші голды соқты.

Осылайша, "Оқжетпес" 29-тур қорытындысы бойынша үш ұпай еншілеп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.