in

Футболдан әлем чемпионаты: 13 маусымдағы ойындар кестесі

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші күнінде қабылдаушы екі елдің құрама командалары – Канада мен АҚШ бақ сынасады. astana24.com Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесін ұсынады.

Әлем чемпионатын өткізіп жатқан елдердің бірі – Мексика біріншілік басталған күні ойнап, алғашқы матчта Оңтүстік Африка Республикасын 2-0 есебімен жеңді. Келесі кезекте Канада мен АҚШ командалары өз алаңында ойнайды.

Қазақстан уақыты бойынша, бұл ойындар 13 маусымда өтеді:

00:00 (12-нен 13 маусымға қараған түні): Канада – Босния және Герцеговина. B тобы, "Бимо Филд", Торонто

06:00 (13 маусым): АҚШ – Парагвай. D тобы, "Соу-Фай", Инглвуд

Қос матч та Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.