Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) 29-туры аясында өткен матчта қостанайлық "Тобыл" талдықорғандық "Жетісумен" тең түсті, деп хабарлады astana24.com.
24 қазанда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Алаң қожайындары есепті 14-минутта ашты. Цотне Мосиашвилидің нәтижелі пасынан кейін Асхат Балтабеков гол соқты.
Екінші таймда қостанайлықтар таразы басын теңестіре алды. 70-минутта Амин Талал дәл соққы жасап, есеп 1:1 болды.
Осылайша, командалар ҚПЛ 29-турының қорытындысы бойынша тең түсті.
Қазіргі уақытта "Тобыл" еншісінде 41 балл бар және жетінші сатыға жайғасқан. "Жетісу" 26 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінің 15-сатысында тұр.
