in

Жұманғарин салық реформасы қандай нәтиже беріп жатқанын айтты

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында салық реформасы қандай нәтиже беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды astana24.com.

Серік Жұманғарин салық реформасы бюджеттің кіріс базасын нығайтудың негізгі факторына айналғанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі сын-қатер жағдайында да түсімдердің айтарлықтай өсімі қамтамасыз етілген.

"Алынған нәтижелер қабылданған шаралардың жоғары фискалдық тиімділігін және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы артқанын көрсетеді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 19,3 трлн теңге түскен салық түсті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 трлн теңгеге немесе 18,2 пайызға артық.

Өсімнің негізгі драйвері – ҚҚС, одан түскен түсімдер 37,3 пайыз өсті, оның ішінде отандық өндіріс тауарлары бойынша – 54,1 пайыз, импорт бойынша – 23,9 пайыз", – деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.