in

Қазақстандықтар несие алуды сиретті: себептері айтылды

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында ел экономикасындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды astana24.com.

Серік Жұманғарин биыл экономика бірқатар тежеуші факторлар жағдайында дамып жатқанын атап өтті.

"Біріншіден, ол – мұнай өндірудің қысқаруы және мұнай секторының ЖІӨ өсіміне теріс әсері. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру 8,3 пайызға қысқарып, 69,4 млн тонна болды.

Екіншіден, теңгенің нығаюы экспортқа бағытталған салалардың табысы мен бюджетке тежеуші әсерін тигізіп отыр. Үшіншіден, тұтынушылық несиелендіру өсімінің баяулауы тұтынушылық сұранысты тежеуде", – деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, тұтынушылық несиелердің жылдық мәндегі өсімі 2025 жылғы тамыздағы 26,4 пайыздан 2026 жылғы тамызда 10,4 пайызға дейін төмендеді.