Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасын тағайындады. Бұл лауазымға қайтадан Асламбек Мерғалиев ие болды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Жоғарғы соттың ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Асламбек Мерғалиев 1972 жылы дүниеге келген.
Стамбұл мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сот жүйесінде 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Кәсіби қызметін Павлодар облыстық сотының бас маманы болып бастаған.
2003-2007 жылдары – Павлодар қалалық сотының судьясы.
2007-2008 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
2008-2012 жылдары – Екібастұз қалалық сотының төрағасы.
2012-2014 жылдары – Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы.
2014-2015 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.
2016-2021 жылдары – Қостанай облыстық сотының төрағасы.
2021-2022 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Берік Асылов Қазақстанның бас прокуроры болып қайта тағайындалған еді.
