Тәжікстан республикасының президенті Эмомали Рахмонның елімізге ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан шығарып салды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан президентімен келіссөз жүргізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан көшбасшысына ілтипат білдіріп, бұл сапар екі ел арасындағы ерекше құрмет пен шынайы достықтың көрінісі екенін атап өтті.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп және цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне назар аударылды.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады.
