Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері ашылды. Азаматтар кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Одан кейін дауыстарды қорытындылау басталады.
Сонымен қатар шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде де сайлау учаскелері ұйымдастырылды.
Өз учаскеңізді қалай білуге болады?
Gov.kz платформасында Қазақстан азаматтары үшін өз сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын анықтауға мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды. Үш бірдей алаң құрылғаны атап өтілді:
"Көрсетілген сілтемелердің кез келгені арқылы өтіп, өз өңіріңізді таңдап, ЖСН енгізу арқылы өз учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын біле аласыз", – деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясы өкілдері.
Кімге дауыс беруге болады?
Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін хабарлағандай, дауыс беру бюллетенінде жеті партияның тізімі және "бәріне қарсымын" деген баған болады. Сайлаушылар мына партияларға дауыс бере алады:
Басқа қаладан немесе елден қалай дауыс беруге болады?
Құрылтай сайлауы күні басқа қалада, облыста немесе елде жүрген қазақстандықтар 22 тамызға дейін есептен шығару куәлігін алуға тиіс еді. Сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде сайлаушы есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет.
Құрылтай сайлауы
Еске сала кетейік, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Оған ел азаматтары 15 наурызда өткен республикалық референдумда дауыс берген болатын. Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Кейін парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент болашақ Құрылтай алдында тұрған міндеттерді айқындады. Ол сондай-ақ Құрылтай құрамына кімдер кіре алатынын хабарлады.
Бұдан бөлек Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс беруді дайындау және өткізу кестесін жариялады. Сайлауға қатысу үшін жеті саяси партия өз тізімдерін ұсынды.
