Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті.
"Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен босатылды.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мәлік Әбдіқадыровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тіледі.
Мәлік Әбдіқадыров қызмет атқарған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бағытқа жетекшілік етті", – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Маңғыстау облысының әкімдігі (@mangystau_oblysynyn_akimdigi)
