Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түскенін айтқан.
Сонымен қатар мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өткен.
"Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз", – деп жазды Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тілеген.
