Ақорда алдағы аптада мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды astana24.com.
Ақорда мәліметінше, 20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.
22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.
БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.
Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
22 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.
