in

Ұсталған "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов туралы не белгілі

Бүгін, 12 қарашада холдингті бірнеше жыл бойы басқарған "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды astana24.com.

Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы лауазымына 2023 жылғы сәуірде тағайындалды.

"Параграф" АЖ деректеріне сәйкес, ол 1978 жылғы 31 наурызда дүниеге келген. Төрт тілді, соның ішінде ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

2001 жылы РФ СІМ-нің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін тәмамдаған. Экономика магистрі және экономика ғылымдарының кандидаты.

Мәліметке сәйкес, 2001-2003 жылдары Жақыпов Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының (ENRC) қаржы талдаушысы болған.

2003-2004 жылдары – Chambishi Metals PLC бизнес-менеджері;

2004-2007 жылдары – Research, Investment and Development Ltd жоба менеджері;

2007-2009 жылдары – Credit Suisse базалық материалдар командасының биржада саудаланатын компания акцияларының құны жөніндегі талдаушысы;

2009-2011 жылдары – "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі;

2011-2012 жылдары – "RBS (Kazakhstan)" еншілес банкі" АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Астанадағы өкілдігінің басшысы;

2012-2016 жылдары – UBS AG Almaty Representative Office инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астанадағы өкілдігінің басшысы;

2016-2017 жылдары – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі;

2017-2019 жылдары – "Астана" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы;

2019-2020 жылдары – Rothschild & Co-ның Қазақстандағы өкілі;

2020-2023 жылдары "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ҰҚК қызметкерлері ұстағаны белгілі болған еді. ҰҚК мәліметінше, олар және өзге де тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Ведомство қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.