in

Димаш Құдайберген жақында халықаралық байқауда топ жарған әншінің продюсері атанды

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығында жаңалықтарды бөлісті. Ол Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы Нұржас Садырбаевтың продюсері атанған, деп хабарлайды astana24.com.

"Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы Voice Beyond Horizon жобасының алғашқы жеңімпазы – Нұржас Садырбаевты продюсері есебінде қарамағыма алдым.

Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім.

Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!

Осы жолдағы басты күшіміз – біздің қолдауымыз бен бірлігіміз", – деп жазды Димаш Құдайберген Instagaram-дағы парақшасында.

Әнші студиядағы бірлескен жұмысының нәтижесін де көрсетті. Жақында Нұржас Садырбаевтың жаңа әні көрерменге жол тартпақ.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші Нұржас Садырбаев Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы атанып, "Даңқ жұлдызы" атағына ие болғанын хабарлаған едік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)