Астана, Алматы мен Шымкентте 20 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с болады.
Шымкентте де күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 20 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,6 м/с деңгейінде болмақ.
