in

Адалдықтың үлгісі: Атырауда балалар 300 мың теңге салынған әмиян тауып алып, полицейлерге тапсырған

Атырауда оқушылар ішінде 300 мың теңге бар әмиян тауып алып, полицейлерге тапсырды. Тәртіп сақшылары жоғалған заттың иесін анықтап, ақшаны қайтарып берген, деп хабарлайды astana24.com.

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жазылғандай, адалдық – бала бойына сіңген тәрбиенің ең көркем көрінісі. Мұны Атырау облысы Нұрсая ықшам ауданындағы бір топ оқушы ісімен дәлелдеген.

Нұрсая ықшам ауданында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне оқушылар жақындап, көшеден 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алғанын айтқан. Балалар табылған қаражатты заңды иесіне қайтару үшін полицейлерге жүгінген.

Полицейлер жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны табыстаған.

"Адалдық жасқа қарамайды. Осындай кішкентай жүректерден бастау алатын үлкен жақсылық қоғамға ізгілік ұялатады. Ал адалдықты бәрінен биік қойған жас ұрпақтың әрбір өнегелі ісі – ел ертеңіне деген сенімнің жарқын көрінісі!" – делінген хабарламада.