in

Петропавлда жылу құбырларының арасында әйел қысылып қалды

Петропавлда құбырлардың арасында қысылып қалған әйелге құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған astana24.com.

ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, әйел жылу құбырларының арасында қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.

ТЖМ құтқарушылары әйелді жетуі қиын жерден дереу шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

"Инженерлік құрылыстардың маңында абай болыңыздар. Жету қиын жерлерге өз бетіңізше кіруге тырыспаңыздар. Қауіпті жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар", – деп ескертті ТЖМ өкілдері.