in

Қазақстанда қысқы мерекелерге орай қосымша пойыздар қатынайды: бағыттары аталды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ қысқы мерекелерге орай кейбір өңірлерге қосымша пойыздарды іске қосу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

"Желтоқсан айындағы мереке күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойызды іске қосады.

Бұл сұраныс жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтып, теміржол қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

№204/203 "Нұрлы жол – Шымкент"

№205/206 "Ақтөбе – Астана-1"

Барлық құрам купе және плацкарт санатындағы вагондардан тұрады.