Қазақстанның бас республикалық мешітіне "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілгенін хабарлайды. Осыған байланысты жаңа атау ресми қолданысқа енгізіледі.
Республикалық Бас мешіт – елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді.
Жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
