Қайғылы оқиға Бородиновка ауылынан 15 километр жерде болған. Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Есен өзенінде болған. Марқұмдардың арасында әйел адам да бар, деп хабарлайды "Жетінші арна".
Телеарна мәліметінше, балық аулауға барған үш адам жұқа мұздың астына түсіп, суға батып кетті. Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Есен өзенінде болған. Марқұмдардың арасында әйел адам да бар.
Шахтинск қаласының 64 және 68 жастағы үш тұрғыны таңертең балық аулауға шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы хабар құтқарушыларға түн ортасында жеткен.
Құтқарушылар дереу іздеуге шығып, дрон, жылу көрсететін дүрбі және сүңгуірлер жұмылдырылды. Арада бір жарым сағаттай уақыт өткенде үшеуінің де денесі табылды. Олар жағадан он метр жерде, екі жарым метр тереңдікте жатқан.
"Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, 6 құтқарушы, бір кинологиялық топ және 4 техника жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты.
Мұз енді қатқан кезде су айдындарына шығу аса қауіпті. Тіпті жағадан бірнеше метр ұзап шыққан адамның өзі жұқа мұзға түсіп кетуі мүмкін. Өйткені мұндай мұз адамды көтере алмайды", – дейді облыстық ТЖД басшысы Нұржан Жақатаев.
