Алматы метросының "Байқоңыр" станциясы уақытша жабылады. Шектеу уақыты 4 қазанда сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін, деп хабарлайды метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.
Алматы метрополитенінің Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, 4 қазанда Орталық стадионда өтетін концертке байланысты метро күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Тұрғындарға "Байқоңыр" станциясының жұмысы сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін шектелетіні туралы ескертілді.
"Осы уақыт аралығында "Байқоңыр" станциясына кіру және шығу уақытша шектеледі", – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Сағат 22:00-ден бастап метро жұмысы аяқталғанға дейін станция ашық болатыны айтылды.
