Диана Ерлан Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі қызметін аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды astana24.com.
"Мен Алматы қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл ретіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым", – деп жазды Диана Ерлан.
Ол әріптестеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтып, бала құқықтары жөніндегі уәкіл болудың мәні туралы ойымен бөлісті.
"Уәкілдің жұмысы – бұл қоғамдық қызмет, ол қаржыландырылмайды, жалақы немесе іссапар шығындары қарастырылмаған. Мен үшін де, әріптестерім үшін де бұл қызмет – бар уақытымызды, күш-жігеріміз бен жанымызды арнайтын миссия, әр баланың әлемін жақсартуға бағытталған іс", – деп жазды Диана Ерлан.
Сондай-ақ ол жазбасында осы қызметте жүріп қол жеткізген жетістіктері туралы айтып өтті.
