Синоптиктер 17 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды OpenWeather порталына сілтеме жасаған astana24.com.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с.
Астанада күн аздаған бұлтты болмақ. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с.
