Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы өзінің парақшасында LRT-ны іске қосу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды astana24.com.
Елорда әкімі LRT-ны тестілік қолданылу барысымен, жүйенің негізгі жұмыс параметрлерімен және инфрақұрылымның дайындығымен танысқанын мәлімдеді.
"Қазіргі таңда LRT бойынша сынақ жұмысы іс жүзінде аяқталған, жүйе толықтай пайдалануға дайын. LRT-ны жақын уақытта іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір инфрақұрылым мен абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр", – деді Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, LRT іске қосылғанға дейін ең алдымен станцияларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысы толық аяқталады. Бұл ретте абаттандыру жұмысы жаз бойы белсенді түрде жалғасады.
"Қазіргі уақытта жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқан негізгі тұстардың бірі – Тәуелсіздік даңғылынан "Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық", – деді Астана әкімі.
Жеңіс Қасымбек жаз мезгіліне арналған жұмыс жоспарына мына бағыттар енгізілгенін атап өтті:
"Осылайша, станциялар мен оларға апаратын жолдардың функционалдық дайындығы жақын уақытта қамтамасыз етіледі, ал LRT бағыты бойындағы ландшафтық-сәулеттік келбетті кешенді түрде қалыптастыру жаз маусымының соңына дейін жалғасады. Бұл жұмысты агротехникалық нормаларды толықтай сақтай отырып, сапалы орындауға мүмкіндік береді" – деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ ол қазіргі уақытта Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан А62 көшесіне дейінгі аралығында құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нысанның жалпы ұзындығы – 4,6 км.
Жоба аясында көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту қарастырылған: жаяу жүргіншілер жолдары мен веложолдар салу, автотұрақ орындарын абаттандыру, сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату, суаруға арналған су құбырын тарту, сондай-ақ көгалдандыру аймақтарын әзірлеу.
"Бірінші кезекте станцияларға іргелес аумақтарды абаттандыру және оларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кіреберіс жолдарды жайластыру жұмысы орындалып жатыр", – деді елорда әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жеңіс Қасымбек (@jenis_qasymbek)
