in

Көкшетауда тағы бір сот қызметкерінің жансыз денесі табылды

Желіде Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерінің жансыз денесі табылды деген ақпарат тарады. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлады astana24.com.

Желіде аталып өткендей, қызметкердің жансыз денесі тұрғын үйдің жертөлесінен табылды.

Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері astana24.com тілшісіне суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін қыркүйекте Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің 27 жастағы басшысы қайтыс болған еді.

Марқұмның отбасы оған жұмыс орнында үнемі моральдық және психологиялық қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

Алайда Қазақстан Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұл айыптауларды жоққа шығарды.