Ертең, 28 сәуірде Қазақстанда қолайсыз ауа райы болуы ықтимал. Бұл туралы синоптиктер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сай, қолайсыз ауа райы Қазақстанның бірқатар өңірінде орнауы мүмкін.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай мен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, шығыста бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Орталықта, республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде", – делінген хабарламада.
