Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте пойыздардың соқтығысуынан 69 адам қаза тапқан теміржол апатынан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы astana24.com РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті El Pais басылымының мәліметінше, министр отставкаға кететінін Депутаттар конгресінде сөйлеген сөзінде айтты.
"Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде екі апат болған Испания сияқты елдің көлік министрі өз қызметінде қала алмайды", – деді ол парламент депутаттарына.
Басылымның хабарлауынша, отырыс төрт сағатқа созылды.
Еске сала кетейік, Испанияда пойыздар соқтығысқан еді. 60-тан астам адамның қаза тапқаны хабарланды.
Испанияда үш күн аза тұтылды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатына қатысты пікір білдірді.
Мы писали, что в Испании потребовали отставки министра транспорта после гибели почти 70 человек в железнодорожной катастрофе.
Апаттан кейін ондаған адам із-түссіз жоғалды.
Сондай-ақ Испанияда апатқа дейін машинистер мен диспетчерлердің келіссөздері жазылған аудиожазба жарияланғаны хабарланды.
