Түркия Астанаға бара жатқан Израиль президенті Ицхак Герцогтің ұшағына әуе кеңістігінен ұшып өтуге рұқсат бермеді. Түркияның әуе кеңістігі бірқатар израильдік рейс үшін жабық, деп хабарлайды astana24.com РИА Новостиге сілтеме жасап.
Анкарадағы дипломатиялық дереккөздер басылым тілшілеріне Түркия әуе кеңістігі қару-жарақ тасымалдайтын барлық ұшақ үшін және Израильдің ресми делегациялары үшін жабық екенін айтты. Дегенмен Түркия аспаны үшінші елдерден келетін тұрақты азаматтық рейстерге ашық. Сондай-ақ Түркия әуе кеңістігін Израиль әуе компанияларына транзиттік рейстер үшін пайдалануға рұқсат етілген.
HavasosyalMedya басылымының хабарлауынша, Түркия Израиль президентінің ұшағына Астанаға барар жолда өз әуе кеңістігі арқылы ұшуына рұқсат бермеді.
Бағыт өзгертілген – ол Еуропа мен Ресей аумағы арқылы өткен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 27 сәуірде Израиль президенті Астанаға келді. Ицхак Герцокті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, кейін шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімін таяу келешекте Астанада ұйымдастыруды ұсынды.
