in

Алматы тауларында шетелдік азамат жоғалып кетті: іздестіру жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр (видео)

Алматы тауларында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен Корея азаматын іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасаған astana24.com.

"Іздестіру-құтқару операциясы таулы жер бедерінің күрделілігіне, зерттелетін аумақтың ауқымдылығына және биіктік айырмашылығының едәуір болуына байланысты қиын жағдайда жүргізілуде. Құтқарушылар таулы жердің, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінің жетуі қиын учаскелерін тексеруде", – делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 130-ға жуық адам, 10 бірлік техника, 8 кинологиялық есеп, 11 ұшқышсыз ұшу аппараты және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған. Олардың ішінде ТЖМ, ПД күштері мен құралдары, сондай-ақ еріктілер бар.

"Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар таулы аумақтың белгіленген учаскелерін тексеруді жалғастыруда. Іздестіру-құтқару жұмыстары ТЖМ бақылауында", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйекте 73 жастағы шетелдік азамат топпен бірге "Шымбұлақ" аспалы жолы арқылы көтерілген. Кейін әріптестеріне маршрутты өзі жалғастырып, қалаға ешкімнің көмегінсіз оралуға ниетті екенін айтқан. Алайда қонақүйге келмеген.

29 қыркүйекте "112" пультіне оның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол күні ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстарын дереу ұйымдастырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)