in

Испанияда матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды (видео)

Испанияда матч кезінде "Тенерифе" шабуылшысы Хесус де Мигельдің жүрегі тоқтап қалды – оқиға кездесудің соңында болған, деп хабарлайды РИА Спортқа сілтеме жасаған astana24.com.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл жағдай Испания чемпионаты екінші дивизионының 12-турында "Андорраға" қарсы өткен матч кезінде тіркелген.

Ақпаратқа сәйкес, "Андорра" қақпашысы Хесус Овоно қақпадан орталық шеңберге дейін шығып, шабуылды тоқтатпақ болған сәтте де Мигельмен соқтығысқан. Төреші қақпашыға "қызыл" қағаз көрсетіп, кездесуді тоқтатқан.

Кейін анықталғандай, де Мигель құлаған сәтте есінен танып қалған. Оны алаңнан зембілмен киім ауыстыратын бөлмеге апарып, сол жерден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген.

Спортшының жүрек соғысы мен тыныс алуы тоқтап қалған. Жедел жәрдем көлігінде оның жағдайы тұрақтандырылғанымен, ол әлі есін жимаған болатын.

Оқиғадан кейін футбол клубы мәлімдеме жасады – де Мигельдің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр. Футболшы қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

⚪️ | Golpe fortísimo de Owono sobre Jesús de Miguel que hace que salten todas las alarmas. Pronta recuperación a Jesús y que todo quede en un susto ️ Tenerife – Andorra https://t.co/NXopIJ7p9H— Laliga News (@laligaa_neews) November 2, 2026