Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
"Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз", – делінген құттықтау хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.
