Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің бірінші кезеңінде Австрияны ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды astana24.com.
Кездесу Грузияда өтіп, қазақстандық футболшылардың 7:0 есебімен айқын жеңісімен аяқталды.
Есепті 19-минутта Роман Черноморец ашты. Екі минуттан кейін Әнуар Төленді тағы бір гол салып, 24-минутта дубль авторы атанды. Үзіліске дейін австриялықтардың қақпасына төртінші голды испаниялық "Вильярреал" академиясында ойнайтын Сәлім Хасанов соқты.
Екінші таймның 60-минутында Ислам Рашидов көзге түссе, үш минуттан кейін Роман Черноморец өзінің екінші голын соқты. Ал 78-минутта Ибрахим Асан матчтың соңғы нүктесін қойды.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңіне мерзімінен бұрын шықты.
Топтық кезеңнің қорытынды матчында қазақстандық футболшылар турнир қожайыны – Грузия құрамасымен кездеседі. Ойын 17 қарашада сағат 17:00-де басталады. Топта бірінші орын алу үшін Қазақстанға тең есеп те жеткілікті.
Екінші іріктеу кезеңінің жеребесі желтоқсанда тартылады. Онда 28 құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне берілетін жолдаманы сарапқа салады.
Естеріңізге кетейік, 2026 жылғы наурызда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алдыңғы кезеңде Хорватия мен Нидерланд құрамаларын басып озып, өз тарихында алғаш рет U17 Еуропа чемпионаты іріктеуінің шешуші кезеңіне қатысқан болатын.
