in

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты: зардап шеккендер бар (видео)

17 қарашада таңертең Прагада екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Апат салдарынан 15-ке жуық адам зардап шекті, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды astana24.com РБК-ға сілтеме жасап.

Екі жолаушылар пойызы Прагадағы бас вокзалға жақын маңда, көшелердің бірінің үстіндегі теміржол көпірінде соқтығысты.

Чехия полициясы оқиға туралы X желісінде хабарлады.

"Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 15-ке жуық адам жарақат алды", – делінген хабарламада.

Апат Булхар қиылысы маңындағы Сейфертов көшесінің үстіндегі теміржол көпірінде болғаны атап өтілген. РБК-ның тасымалдаушы České dráhy компаниясының жазбасына сілтеме жасап хабарлауынша, Миловицеге бағыт алған Os 9409 электр пойызы мен Млада-Болеславтан келе жатқан Os 9507 дизельді пойызы соқтығысқан.

Апаттан кейін Праганың бас вокзалынан Высочаны, Либень және Голешовице бағыттарындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Соқтығысу себептері анықталып жатыр.

Všechny složky IZS zasahují u srážky dvou vlaků u Hlavního nádraží na přemostění se Seifertovou ulicí v Praze 3. Na místě je několik zraněných osob. https://t.co/33NUSn7zjI— Policie ČR (@PolicieCZ) November 17, 2026