Нидерландтық маман Джон ван 'т Схип 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасы аяқталған соң Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл шешімді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Джон ван 'т Схиппен келісімшарт төрт айға жасалған еді. Бұл мерзім аяқталды. Маннның айтуынша, екі тарап та жаңа келісім жасауға ниетті емес.
"Біз келісімшартты ұзартпаймыз. Құраманы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындайтын жаңа бас бапкерді ұзақ мерзімге іздеуді бастаймыз", – деді ҚФФ бас хатшысы.
Ван 'т Схип бұл қызметте қазақстандық Талғат Байсуфиновті алмастырған еді. Маннның сөзінше, мамандардың жалақысы бірдей болған.
Нидерландтық маманның басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші дивизионындағы С тобында үш ұпай жинап, соңғы орынға тұрақтады. Команда үш рет жеңіліп, сонша рет тең ойнады. Нәтижесінде Словакия, Фарер аралдары және Молдовадан қалып қойды.
