in

G20 саммиті: Тоқаев Ержан Қазыханмен Майамиге жоспарланған сапарды талқылады

Мемлекет басшысы АҚШ бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдап, Майамиге сапарға дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсанда Трамп Қасым-Жомарт Тоқаев туралы оң пікір білдіріп, оны G20 саммитіне шақыратынын мәлімдеген еді.

Ақпанда Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен Қазақстан президентінің АҚШ-қа сапары жөнінде келіссөздер жүргізген болатын.