in

Жезқазғанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жезқазған қаласында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту аясында "Мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттері: адалдық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Жезқазған қалалық әкімдігі.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында заңдылық, адалдық пен әдеп қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметке деген қоғам сенімін арттыру.

Семинарға Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының тренері, заң ғылымдарының магистрі Руслан Тоқатов қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қарастырылды.

Іс-шара қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.