Тәжікстан билігі БҰҰ-ны Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутынан шығу туралы шешімі жөнінде ресми түрде хабардар етті, деп жазады DW басылымына сілтеме жасаған astana24.com.
Тиісті хабарлама БҰҰ-ға 20 қарашада келіп түскені айтылды.
Басылымның жазуынша, бұған дейін елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Идибек Каландар Гаагадағы сот қызметі барған сайын саясиланып бара жатқанын, ал бұл үрдіс "халықаралық қылмыстық сот төрелігін мемлекетаралық дауларды шешудегі саяси қысым құралына айналдырып, белгіленген дипломатиялық шеңберді елемеуге әкеліп отырғанын" мәлімдеген.
Саясаткер бұл ХҚС-тың тәуелсіз орган ретіндегі мәртебесіне нұқсан келтіретінін атап өткен.
Сондай-ақ елдің келісімнен шығу туралы шешімі бір жылдан кейін, 2027 жылғы 20 қарашада күшіне енетіні, ал осы уақытқа дейін Тәжікстан ХҚС-қа қатысушы мемлекет болып қала беретіні атап өтілді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ ХҚС-қа қарсы санкциялар енгізген болатын. Ал Дональд Трамп қатысушы мемлекеттерді аталған органның құрамынан шығуға шақырған еді.
