in

Мақпал Жүнісова желіде 30 жыл бұрын түсірілген видеоны жариялады

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова өткен күндерін еске алды. Ол желідегі оқырманына 30 жыл бұрын түсірілген видеоны көрсетті, деп хабарлайды astana24.com.

Мақпал Жүнісова Instagram-да ескі видео жариялады. Ол 1996 жылы түсірілген. Кадрлардан байқағанымыздай, Мақпал Жүнісова көңілді ән шырқап тұр. Әнші сахнаға шашын жайып, қызғылт көйлек киіп шыққан.

"1996жылдың түсірілімі осындай болыпты, қойған жарықтары осындай ғана болушы еді. Ол кезде тек "Азия дауысы" болғанда жарық өте мықты қойылатын", – деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

"Жас кезіңізде қандай әдемі болғансыз", "Қандай керемет", "Естелік болып қалатын қандай тамаша видео екен. Дауысыңыз ғажап", "Біздің аңыз", – деп жазды желідегі оқырманы.