Астана, Алматы мен Шымкентте 27 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда қар мен жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -1 градус, ал түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 11,4 м/с болады.
Шымкентте бүгін сылбыр жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 9 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с деңгейінде болмақ.
