КХДР астанасы Пхеньянда Ресей өнер қайраткерлерінің концерті өтті. Шара барысында Лариса Долина әндерін орындады. Концертке Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қатысты, деп хабарлайды astana24.com.
Кореяның орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, 26 қарашада Шығыс Пхеньян үлкен театрында Ресей өнер қайраткерлерінің салтанатты концерті өтті.
"Салтанатты концертте танымал әншілер, соның ішінде Ресейдің халық әртісі Лариса Долина және Н. П. Осипов атындағы Ресей ұлттық академиялық халық аспаптар оркестрінің өнер қайраткерлері төбе көрсетті.
Концертте Ресей халқының отанға деген жалынды махаббатын әсерлі көрсететін нөмірлер орындалды", – делінген хабарламада.
Концерттен кейін Ким Чен Ын сахнаға көтеріліп, олармен суретке түсті.
Ресей Табиғи ресурстар министрлігінің үкіметаралық комиссиясының мәліметінше, Пхеньянда сондай-ақ солист, Бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты Екатерина Андреева мен мемлекеттік академиялық Мариин театрының солисі Глеб Князев өнер көрсетті.
