in

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы ойынынан кейін ФИФА рейтингінде төмендеді

Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы соңғы матчтардың қорытындысы бойынша жарияланған Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңа рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды astana24.com.

Қараша айында ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы ойынын аяқтады. Сырт алаңда қазақстандықтар Молдовадан жеңіліп (1:2), кейін өз алаңында Словакиямен тең түсті (2:2). Алты матчтан кейін үш ұпай жинаған команда топта соңғы орынға тұрақтады.

Турнир аяқталғаннан кейін нидерландтық маман Джон ван ’т Схиптің бас бапкер қызметінен кететіні белгілі болды.

Жаңартылған ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы екі саты төмендеп, 119-орынға сырғыды.

Рейтингтің көш басында қазіргі әлем чемпионы Испания құрамасы тұр. Португалия мен Бразилияны басып озған Марокко командасы үздік бестікке көтерілді.

2026 жылғы 18 қарашадағы ФИФА ерлер рейтингі: