in

Матч кезінде басына доп тиген 18 жастағы футболшы көз жұмды

Аргентинада матч кезінде басына доп тиген 18 жастағы футболшы Абель Нуньес қайтыс болды. Дәрігерлер жас спортшыны аман алып қала алмады, деп хабарлайды "Чемпионат" басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Футболшының көз жұмғанын "Эсейса" клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға жастар турнирінің бесінші дивизионы аясындағы "Эсейса" мен "Депортиво Муньес" командаларының кездесуінде болған. Нуньестің басына алаңда доп тиген.

Мамандар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер футболшыға ота жасағанымен, Абельді аман алып қалу мүмкін болмаған.

Футбол клубы Нуньестің туыстарына, жақындарына, достары мен әріптестеріне көңіл айтты. Басшылық марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Futbol Club Ezeiza (@futbolclubezeiza)