in

Рыбакина екі бірдей әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Tennis Abstract-тің маусымдық yElo және жалпы Elo рейтингілерінде бірінші орынға жайғасты, деп хабарлайды astana24.com.

yElo маусымдық рейтингінде қазақстандық спортшы 2166,8 ұпаймен ресейлік Мирра Андреева (2146,1) және америкалық Кори Гауффті (2144,0) басып озды.

Ал жалпы Elo рейтингінде Рыбакина 2159,2 ұпай көрсеткішімен бірінші орында тұр. Екінші орынды Арина Соболенко (2139,0) иеленсе, үшінші орында Кори Гауфф (2128,2) орналасқан.

Айта кетейік, жақында Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады. Әлемдік рейтингтегі бірінші орынды қазақстандық Елена Рыбакина сақтап қалды.

Кейін ұйым өкілдері теннисші Елена Рыбакинаның маусымды мансабында тұңғыш рет әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауына байланысты арнайы жазба жариялады.