in

Қазақстанда әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қайта іске қосылады

Қазақстанда "Ұмай" жеңілдетілген ипотекасын іске қосу тамызға жоспарланып отыр. Оны жұмыс істейтін әйелдер рәсімдей алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 45 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Толығырақ astana24.com-тен оқи аласыздар.

Қазақстанда әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы іске қосылуға жақын. "Крыша" порталының мәліметінше, өтінімдер 2026 жылдың тамызында қабылданады деп жоспарланған, ал оны жүзеге асыруға жалпы алғанда 45 млрд теңге көзделген.

Маңыздысы – "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына тек соңғы 6 айда ресми табысы мен зейнетақы аударымдары бар әйелдер ғана қатыса алады.

Бағдарлама операторы саналатын "Отбасы банк" ипотека бойынша мөлшерлемені әзірге жариялаған жоқ, алайда сарапшылар ол алғашқы жылдары шамамен 15 пайыз, кейін 3,5-5 пайыз дейін төмендейді деп болжауда.

"Ұмай" ипотекасының шарттары төмендегідей:

Алғашқы жарна:

Екі адамды қосалқы қарыз алушы ретінде тартуға және алғашқы жарна үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға болады. Бағдарлама алғашқы баспананы сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді – жылжымайтын мүлік санына шектеу жоқ.

Өтінімдер балдық жүйе бойынша іріктеледі – депозитте ақша неғұрлым көп болса, банк сыйақысы да соғұрлым жоғары болады, сәйкесінше іріктеу кезінде де көп балл беріледі. Сондықтан әлеуетті қатысушыларға депозиттері жоқ болса, оны қазірден ашқан жөн.

Айта кетейік, "Ұмай" бағдарламасына Азия даму банкі демеушілік жасайды. Ол жалпы 90 млрд теңге бөледі, бұл қаражат әйелдерге арналған ипотека мен "жасыл" ипотекаға арналған.