in

Игорь Лепеха ІІМ басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Лепеханы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

"Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

ІІМ ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Игорь Лепеха 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы ІІМ академиясын бітірген.

Мансап жолы

1986-1997 жылдары Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасында қызмет атқарған.

1997-2009 жылдары Қарағанды облысы ІІД-де басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2009-2019 жылдары – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.

2019-2020 жылдары – ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бастығы.

2020-2022 жылдары – ҚР ІІМ Аппаратының басшысы.

2022 жылғы қазан – 2026 жылғы қараша аралығында – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.

I дәрежелі (2022) және II дәрежелі (2017) "Даңқ" орденімен, "Ерлігі үшін" (2012), "Жауынгерлік ерлігі үшін" (2006) медальдарымен марапатталған.