in

"Меймандардың қызығушылығын тудырды": Тоқаев Түркияда өтіп жатқан дипломатиялық форумға қатысуда (фото)

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға V Анталия дипломатиялық форумына келді. Telegram желісіндегі Борт№1 арнасында президенттің қатысуымен өтіп жатқан іс-шарадан кадрлар жарияланды.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Анталия дипломатиялық форумына қатысуы халықаралық баспасөз өкілдері мен меймандардың қызығушылығын тудырды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада мемлекет басшысы панелдік пікірталасқа қатысып, сауалдарға жауап беріп жатқаны атап өтілген. Аталған іс-шараға БАҚ пен саясаткерлер, дипломаттар жіті назар аударып отыр.