in

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өткен.

"Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылаған.

Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келіскен.