Үкімет қаулысымен Әділет Ерболатұлы Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.
Үкімет сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Әділет Тұрғанбаев 1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Сингапур ұлттық университетін бітірген.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2010-2011 жылдары – "Қазақстан халқы рухани даму қоры" АҚ менеджері.
2011-2012 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы сарапшысы.
2012-2019 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.
2019-2023 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы.
2023 жылы – "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" ҚҚ бас менеджері.
2024-2025 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
