Тәжікстан президенті Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астана қаласына келді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 22-24 сәуірде өтетін Өңірлік экологиялық саммит – 2026 іс-шарасына қатысу үшін Астанаға келген.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін жариялаған еді.
Оған сай 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.
БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.
Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
